×

Жамбыл облысындағы жасөспірімдердің өлімі: бірнеше шенеунік сөгіс алды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған ауыр қылмыстардың көбеюіне байланысты жедел кеңес өткізді

Жамбыл облысындағы жасөспірімдердің өлімі: бірнеше шенеунік сөгіс алды

Оқу жылы басталғалы екі апта ішінде өңірде үш бірдей қайғылы жағдай тіркелген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бала – елдің болашағы, оның қауіпсіздігіне, рухани дамуына және тыныш жағдайда білім алуына қамқорлық жасау әрбір азамат үшін басымдық болуы тиіс. Бұл саладағы олқылықтарға жол беруге болмайды, жауапты тұлғалардан формалды есеп емес, нақты нәтиже талап етіледі. Бүгінгі балалардың дүниетанымы қарқынды өзгеруде, сондықтан оларды тәрбиелеу мен құқықбұзушылықтың алдын алу тәсілдерін уақыт талабына сай жаңарту қажет, – деді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кеңесте.

Әкімнің айтуынша, бұл мәселе бойынша нақты тапсырмалар бірнеше рет берілгенімен, жауапты тұлғалардың тарапынан әлі күнге дейін нәтиже байқалмай отыр.

Осыған байланысты Ербол Қарашөкеев әрбір ауылдық округке жеке полиция учаскелік инспекторын бекітуді тапсырды.

Сонымен қатар өңір басшысы облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлімұлына, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жанибековке, облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубековке сөгіс жариялады. Ал әлеуметтік саланы қадағалайтын Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлан Сламбеков пен Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев қатаң сөгіс алды.

Бұған дейін Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында қаза тапқан оқушының отбасы Qaz365.kz редакциясына оқиғаның мән-жайын айтып берген еді. Жасөспірімнің әпкесі Амина Ким біздің басылымға берген сұхбатында және TikTok-тағы бейнеүндеуінде сол кешті егжей-тегжейлі баяндап, бұрын тараған «футболдан кейінгі тұрмыстық жанжал» нұсқасын жоққа шығарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →