×

Сенат ЛГБТ насихатын шектеуге қатысты заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат ЛГБТ насихатын шектеуге қатысты заңды бірінші оқылымда мақұлдады
unsplash

Қазақстан Парламенті Сенаты архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Еңбек кодексіне және қолданыстағы 12 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, құжатта балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға қатысты нормалар қамтылған.

Заң жобасына сәйкес, педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері мен онлайн платформалар арқылы таратуға шектеу қою ұсынылады.

Сенат отырысында сөз сөйлеген сенатор Аманғалды Есебай бұл нормалар жас ұрпақты антиәлеуметтік құбылыстардан қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және рухани-адамгершілік тәрбиені қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

Қорытындысында сенаттың тұрақты комитеттері заң жобасына қатысты ескертулер мен ұсыныстардың жоқ екенін мәлімдеді. Дауыс беру нәтижесінде құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы екінші оқылымда бүгін, 18 желтоқсанда қаралады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →