×

ЛГБТ насихатына қандай жаза қолданылады

ЛГБТ насихатына қандай жаза қолданылады
REUTERS/Anton Vaganov

Сенатта ЛГБТ насихатын шектеу нормаларын бұзғандарға қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, жауапкершілік қолданыстағы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң аясында, яғни құқыққа қайшы контент таратқаны үшін қаралады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның мәліметінше, алғаш рет заң талаптарын бұзғандарға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шамамен 80 мың теңге айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасалған жағдайда айыппұл көлемі ұлғаяды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қолданылуы мүмкін.

Вице-министр норманың талап-арыздық сипатта екенін атап өтті. Яғни уәкілетті органдар тексерісті өз бастамасымен бастамайды, шаралар тек нақты арыз немесе шағым түскен жағдайда ғана қабылданады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →