Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасынан кейін болған өліммен аяқталған төбелеске қатысты төрт адам ұсталды. Бұл туралы қалалық Шымкент қаласының полиция департаменті хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.
Ведомство мәліметінше, күдіктілер адам өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікке ілінген. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияның хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру», «Бұзақылық» және «Адам ұрлау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін департаменттің барлық күш-құралдары жұмылдырылған.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Еске салайық, қақтығыс 20 қаңтар күні жол апатынан кейін болған. Көлік жүргізушілері мен жолаушылар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Қақтығыс барысында бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Олардың бірі алған жарақатынан қаза тапты. Тағы бір қатысушы – 36 жастағы ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.