×

Нұрай Серікбайдың өлімі: некеге мәжбүрлеу бабы бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды

Нұрай Серікбайдың өлімі: некеге мәжбүрлеу бабы бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды
әлеуметтік желіден

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қаза табуына байланысты тергеу аясында Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы – «Некеге мәжбүрлеу» бойынша жеке қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, іс ерекше бақылауда. Қалаға Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия жіберіліп, тәжірибелі қызметкерлерден құралған жедел-тергеу тобы жасақталған.

«Нұрайға қатысты некеге мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Елді дүр сілкіндірген бұл іс Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», – деп жазды адвокат әлеуметтік желіде.

Бұған дейін марқұмның жақындары күдіктінің қызды ұрлап әкеткенін, қашып құтылғаннан кейін де қудалап, қорқытқанын мәлімдеген. Дәл осы жайттар некеге мәжбүрлеу фактісі бойынша бөлек істің қозғалуына негіз болды.

Еске салайық, Нұрай Серікбай 11 қаңтар күні Шымкентте пышақ жарақаттарынан қаза тапты. 13 қаңтарда 28 жастағы күдікті ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды. Негізгі тергеу «Адам өлтіру» бабы бойынша жалғасып жатыр.

Сонымен қатар ІІМ Шымкент қалалық полиция департаменті қызметкерлерінің салғырттығы дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғады. Қоғамдық резонанстан кейін департамент басшылығы қызметінен босатылды. Іс Ұлттық құрылтайдың V отырысында да қаралып, Мемлекет басшысы полиция әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырды.

Тергеу жалғасуда. Күдікті қамауда, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →