×

Жақсылық Омар алаяқтық пен пара алу ісі бойынша айыпталып жатыр

Жақсылық Омар алаяқтық пен пара алу ісі бойынша айыпталып жатыр
ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына келіп түсті. «Сот кабинеті» базасындағы мәліметтерге сәйкес, басты сот талқылауы бүгін, 19 наурызда басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шенеунікке Қылмыстық кодекстің екі бірдей ауыр бабы бойынша айып тағылып отыр: 190-бап, 3-бөлім («Ірі көлемдегі алаяқтық») және 366-бап, 3-бөлім («Ірі көлемде пара алу»). Сот шешімімен оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды және бұл мерзім іс толық қаралғанша ұзартылды. Сот процесі ашық режимде өтуде.

Еске сала кетсек, биылғы 18 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүріп жатқанын ресми растаған болатын. Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне 2025 жылдың сәуір айында тағайындалған еді. Оған дейін, 2018 жылдан 2024 жылға дейін ол Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →