×

Сәтбаев Университетінің студенттері әлемнің үздік университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болады

Шетелдің үздік университеттерінде гранттық білім

Сәтбаев Университетінің студенттері әлемнің үздік университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болады

2024 жылы Сәтбаев Университетінің екі жүзге жуық студенттері мен оқытушылары әлемнің жетекші университеттерінде білім алып, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, олар атап айтқанда: Пенсильвания мемлекеттік университетінде, АҚШ, Сонгюнгван университетінде, Оңтүстік Корея, Глазго университетінде, Ұлыбритания, сондай-ақ ТМД елдері мен таяу шетелдердің жетекші университеттерінде. Сонымен қатар Гонконгта CityU университетімен стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылғаны ұлттық техникалық зерттеу университетіне бакалаврлар мен докторанттарды даярлауға, кадрлармен өзара алмасуға және әлемдегі ең үздік университеттердің бірімен зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Гонконгтің CityU университеті әлемдік университеттердің QS рейтингі бойынша 70-орын алады, ол Қазақстанда биыл өз өкілдігін ашуды көздеп отырған алғашқы Гонконг университеті болмақ.

«CityU және Сәтбаев Университеті өскелең ұрпақты өз елдері мен бүкіл әлем қоғамын дамытуға даярлауда, сондықтан да біз Қазақстандағы ең көне техникалық университетпен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайтынымызға мақтанамыз», – деді CityU Басқармасының Төрағасы Лестер Хуан мырза.

Сондай-ақ Лестер Хуан мырза бірнеше ай бойы жемісті келіссөз жүргізіп, қос дипломдық білім беру бағдарламаларын іске қосуға дайындықтан кейін екі университет те оны жүзеге асыруға дайын екендерін атап өтті.

Екі университеттің ректорлары мен проректорлары, кафедралар мен зертханалар жетекшілерінің қатысуымен CityU-де өткен жұмыс кездесулері барысында жұмысшы топтары жасанды интеллект, материалтану, ғылыми жобаларды құру және оларды жүзеге асыру бойынша бірлескен оқу үдерісін ұйымдастыру жөніндегі алдағы қадамдарды егжей-тегжейлі пысықтады.

«Біз тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға мүдделіміз. Біздің студенттердің, магистранттар мен докторанттардың бірлесіп жасаған жұмыстары өзара білім алмасуды ғана емес, сондай-ақ екі ел мәдениетінің алмасуын да қамтамасыз етеді», – деп санайды CityU HK президенті, профессор Фредди Бой.

Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен CityU президенті Фредди Бой бакалавриат, магистратура мен PhD докторантурасы бойынша бірлескен жаңа білім беру бағдарламаларын ашуға мүмкіндік беретін құжаттарға қол қойды.

«Әйгілі Политехтің дамуында осы сәттен бастап жаңа дәуір басталады, біз мұны ғылым және жоғары инженерлік білім саласында әлемдегі ең үздік университеттердің бірімен серіктестік келісіммен ашып отырмыз», – деді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Сәтбаев Университетінің делегациясы CityU зертханаларының қызметімен де танысты. Қазақстандық ғалымдар олардың үздік зертханаларының жетекшілерімен бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу жөнінде келісті.

Бұл жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ал қол қойылған меморандумдарға Лестер Хуан мырза мен Қазақстан Республикасының Гонконг, Макао және Орта Азия елдеріндегі Бас консулы Алмас Сейтақынов мырза куә болды.

Сәтбаев Университеті академиялық ұтқырлық саласы бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізуде – 2023–2024 жж. университеттің халықаралық серіктестер шеңбері едәуір кеңейді. Оған АҚШ, Гонконг, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің университеттері қосылды.

Сәтбаев Университетінің халықаралық ынтымақтастығы туралы көбірек

Пенсильвания мемлекеттік университеті, АҚШ (The Pennsylvania State University)

Университеттер «3+1+1» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді – Сәтбаев Университетінің бакалавриатында 3 жыл, Пенсильвания мемлекеттік университетінде 1 жыл бакалавриатта және 1 жыл магистратурада оқиды, сөйтіп студент Сәтбаев Университетінің бакалавр дипломын және Пенсильвания мемлекеттік университетінің магистрлік дипломын алып шығады. 2024 жылы Пенсильвания мемлекеттік университетінде Сәтбаев Университетінің 12 ғалымы ғылыми тағылымдамадан өтеді, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 23 студент оқиды деп жоспарланып отыр.

Сонгюнгван университеті, Оңтүстік Корея (Sungkyunkwan University)

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 15 студент 3 білім беру бағдарламасы бойынша (бакалавриат және магистратура) оқуға жіберіледі,  сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамынан 15 адам Sungkyunkwan University-де тағылымдамадан өтеді.

Глазго университеті, Ұлыбритания (University of Glasgow)

Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша Сәтбаев Университеті магистратураның 5 студентін Глазго университетіне оқуға жіберуді жоспарлап отыр.

Сәтбаев Университетінің ТМД және таяу шетелдердің университеттерімен ынтымақтастығы

Қос дипломдық білім беру бағдарламасы аясында Сәтбаев Университеті Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетімен (РФ), MИСиС Ұлттық технологиялық зерттеу университетімен (РФ), Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтымен және Силезия технологиялық университетімен (Польша) ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.

CityU – Гонконгтағы Коулун-Тонг ауданында орналасқан қоғамдық зерттеу университеті, ол әлемдік рейтингте 65-орын алады.

Penn State – АҚШ-тағы мемлекеттік зерттеу университеті, әлемдік рейтингте 83-орында және АҚШ-тың үздік 5 университетінің қатарына кіреді.

Sungkyunkwan University – Кореяның ұлттық университеті, ол 1398 жылы Сунгкюнкван конфуцийшілдік академиясы негізінде құрылған, әлемдік рейтингте 99-орында тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды
Елімізде жол мамандары енді бөлек оқытылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →