×

WhatsApp-тағы хабарлама: Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

Ол кінәсін мойындады

WhatsApp-тағы хабарлама: Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды
Фото: pixabay

Алматы облысы Ұйғыр ауданының аудандық сотында ұлттық араздықты қоздыру дерегі бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қаралған. Оқиға 2023 жылдың 6 қарашасында болған.

«Сағат 19:00 шамасында азаматша М. азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған ұлттық алауыздықты қоздыру мақсатында бір ұлт пен діннің екіншісінен айрықша және артықшылығын білдіретін аудиожазбаны WhatsApp мессенджеріндегі көршілерінің әртүрлі ұлт азаматтары бар чатына жіберген. Аталған аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданының тұрғындары арасында наразылық тудырған», - делінген Алматы облысы сотының хабарламасында.

Сотталушы кінәсін мойындады. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденіп, расталған.

Сот шешімімен, азаматша кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. ️

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Бүгін, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →