×

СҚО-да заңсыз аңшылықпен айналысқан қылмыс топ сотталды

Келтірілген материалдық шығын өндіріліп алынады

СҚО-да заңсыз аңшылықпен айналысқан қылмыс топ сотталды
Фото: Хабар24

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 23 сәуірде ұйымдасқан қылмыс тобы құрамында заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты үкім заңды күшіне енді.

"Сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген. Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеді", - делінген хабарламада.

Петропавл қалалық соты барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Келтірілген материалдық шығын өндіріліп алынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Бүгін, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →