Бүгін Алматыда метеоахуал нашарлайды – синоптиктер

Qaz365.kz редакциясы

Синоптиктер қала тұрғындары мен қонақтарына есеерту жасады

Фото: kolesa.kz

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

27 наурызда Алматы қалалаcында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.