Роза Рымбаеваның отбасында жағымды жаңалық

Qaz365.kz редакциясы

Жұлдызды жанұя қуанышты хабарды жасырын ұстауды жөн көрген сияқты

t.me/bort_01

Әлеуметтік желіде танымал әнші Роза Рымбаеваның немерелі болғаны туралы сүйінші хабар тарады. Санаулы сағат бұрын Халық әртісі әже атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Дәл осы қуанышты хабарды Роза Рымбаеваның өзі де, ұлы мен келіні де желіге жариялаған жоқ. Жұлдызды жанұя жағымды жаңалықты жасырын ұстауды жөн көрген сияқты.

Бірақ әлеуметтік желіде Роза Қуанышқызы мен Әли Оқаповтың оқырмандары парақшаға пікір қалдырып, жаңа туған нәрестеге "Бауы берік болсын" деп жарыса жазуда.

Айта кетейік, әншінің ұлы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерген еді.