"Қара жорға" күйін шерткен америкалық студент көпшілікті сүйсінтті

Qaz365.kz редакциясы

Оның Қазақстанға келгеніне небәрі 5 ай өткен

Instagram.com / RiaInKazakhstan

Алматыдағы АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулдығы АҚШ-тан алмасып келген студенттің домбыра тартып жатқан видеосын бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Студенттің есімі – Риа Эдберг, ол Қазақстанға Flex Abroad алмасу бағдарламасы бойынша 5 ай бұрын келген. Қазір ол Алматыда, Миннесотадан келген. Ол домбыра тартуды өзінің сүйікті істерінің біріне айналғанын айтады.

Бейнебаянда ол өзінің сүйікті әндерінің бірі «Қара жорға» күйін орындады.

Ол өзінің инстаграм парақшасында алмасу бағдарламасы қалай өтіп жатқанын көрсетеді.