1 млрд теңгеден астам касса жинаған «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі байқауда үздік атанды

Qaz365.kz редакциясы

2023 жылдың қыркүйегінде фильм қазақстандық прокатқа шықты

1 млрд теңгеден астам касса жинаған «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі «Сыншылар таңдауы» байқауында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Байқауда 80 фильмнің ішінде 10 номинацияның төртеуінде, яғни «Көрермен таңдауы», «Үздік сценарий», «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік екінші пландағы әйел бейнесінде» бақ сынап, екі номинацияда үздік атанды. Біз үшін қымбат жеңіс. Атап айтсақ, «Көрермен таңдауы» мен фильмнің бас актері Бақыт Қажыбаев ағамыздың «Үздік ер адам бейнесі» бойынша жүлдегер атанды.  Осы жобаның барша тілеулестерін құттықтаймын», - деп жазды фильмнің бас продюсері Айсәуле Әбілдә.

Еске салайық, «Міржақып. Оян, Қазақ!» — Міржақып Дулатов туралы түсірілген көркем фильм. Туынды Қазақстан ұлттық телеарнасының қолдауымен түсірілген 6 сериялық сериал негізінде дайындалды. Фильм мемлекет қаржысына Мәдениет және ақпарат минситрлігінің қолдауымен түсірілген. 2023 жылдың қыркүйегінде фильм қазақстандық прокатқа шықты.