Министрлік мектептерді тексеріп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

БАҚ кейбір мектеп оқу жылы аяқталмастан, кітап жинап жатқанын жазған болатын

Facebook / Шолпан Каринова

Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады. БАҚ кейбір мектеп ерте кітап жинап жатқанын жазған болатын. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ондай мектептер жазаланатынын айтқан. Ал вице-министр Шолпан Каринова өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы бірнеше мектепті аралап шыққанын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, оқу сабақтары сабақ кестесі бойынша өтіп жатыр.

“Мен кірген 18 мектепте 4-сынып оқушылары математикадан ТЖБ жазып жатыр екен. Балалар өздері осыны айтып отыр, көңіл күйлері жақсы.

11-сынып оқушылары математика сабағында екен. Оқушылар ҰБТға баратындарын, дайындықтарын айтты. Балалардың бәрі сабақта отыр.

Балалардан, мұғалімдерден рұқсат сұрап, фотосуреттерін жариялап отырмын.

Оқулықтар партада, балалардың алдында, кітапханаға тапсырылмаған. Мұғалімдердің сабақ жоспарын да қарап шықтым. Нақты бүгінге , 29 мамырға, жоспарланған тақырыптарын да көрдім. Жылдың басында бекітілген календарлық-тақырыптық жоспарларын да көрдім”, – деп жазды вице-министр.