Астанада "Хан Шатыр" маңында бірнеше жарылыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Тұрғындар алғашқы жарылысты 16:30 шамасында сезінді

Астаналықтар "Хан шатыр" сауда ойын-сауық үйі маңында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылыс болғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алғашқы жарылысты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары сағат 16:28 шамасында сезінді. Одан кейін тағы екі жарылыс болды.

Мұхамеджанов көшесі, 4В үйдің аумағында қара түтін мен жалындардың ұшқыны көрінеді. 

ТЖД баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Сағат 16: 28-де Нұра ауданы Мұхаметханов көшесі, 4в көшесінде жаңадан салынып жатқан нысанда өрт шықты", – деп хабарлады ТЖД.

Оқиға орнына19 құтқарушы мен 4 бірлік техника шықты.