Жетісу облысында жаттықтырушы жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Оған 14 жастағы жасөспірімге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылған

mma.metaratings.ru

Жауынгерлік самбодан Жетісу облысының аға жаттықтырушысы, жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері, 25 жастағы Қадыр Теңбаев қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған 14 жастағы жасөспірімге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті баланың жаттықтырушысы болған.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін де Жетісу облысында осыған ұқсас жағдай болған. 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде математика пәнінен сабақ берген 35 жастағы азамат 14 жастағы балдызын зорлады деп қамалған.