Шымкентте балабақша иелері миллиондаған ақша жымқырғаны үшін сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Балабақша жетекшілері сотталды

Фото: ашық дереккөзден

Қалалық прокуратура органдарымен 4 жеке балабақша иелері балабақшаға келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгендігі анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды. Сот үкімімен 1 тұлғаға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылса, 1 тұлғаға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Мәселен, Г.М.Рысбекованың меңгеруіндегі «Али мен Айя» бөбекжай-бақшасы» ЖШС 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін, олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 млн теңгенің үстінде қаржыға ие болған», – делінген Шымкент қалалық прокуратурасының хабарламасында.

Бұл қылмыс үшін соттың 23.02.2024 жылғы үкімімен Г.М.Рысбекова ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мұндай қатаң үкімнің шығарылуы аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылуы негіз болды.