Болашақ дәрігерлер енді 7 жыл оқуы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Қазір медицина студенттері 6 жыл оқиды

times.kz

Депутаттар болашақ медицина мамандарын даярлау мерзімін 7 жылға дейін ұзарту туралы бастама көтерді. Халық қалаулыларының пікірінше, қазіргі жүйе студенттерге мол теориялық білім бергенімен, клиникалық тәжірибе жинауға мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазіргі 6 жылдық оқу жүйесі мен одан кейінгі жарты жылдық интернатураның тиімсіздігін атап өтті. Оның айтуынша, интерндердің толыққанды мәртебесі жоқ: олар медициналық ақпараттық жүйелерге кіре алмайды және емдеу процесіне тікелей қатысуға құқығы шектелген.

«Салдарынан түлектер жұмысқа дайын емес болып шығады. Оқуды бітіре сала жұмысқа орналасу да қиын, себебі тағы 2-4 жыл резидентурада оқу қажет. Ал резидентураға гранттар аз болғандықтан, көптеген жас маманға оқу ақысын өз қалтасынан төлеуге тура келеді», – деді Аймағамбетов.

Парламентте ұсынылған жаңа модель бойынша:

  • 6 жыл – іргелі теориялық білім алу;

  • 7-ші жыл – ауруханалар мен емханаларда толыққанды практикалық жұмыс істеу.