Хатайдағы жер сілкінісі: теңіз деңгейі көтерілген

Qaz365.kz редакциясы

Жер сілкінісінен соң теңіздің деңгейі жарты метрге дейін көтеріліп кеткен

Түркияның Хатай провинциясында 6.4, 4 және 5.8 балдық үш жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Хатай мэрі Лүтфи Саваш, деп хабарлайды qaz365.kz.

Сондай-ақ жер сілкінісі кезінде бірнеше көпқабатты тұрғын үй қирады деген ақпаратты да растады. 

Әкімнің айтуынша, дәл қазір құтқару жұмыстары басталып кетті. Қанша адам екені белгісіз, алайда үйіндінің астында қалған азаматтар бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Қаладағы ауруханалар босатылып жатыр. 
Лүтфи Саваш Хатай провинциясының тұрғындары далада түнейтінін, алайда кей қажеттіліктер үшін тұрғындардың үйлеріне кіруге мәжбүр  екенін айтты.

Сонымен қатар Түркия билігі Хатай провинциясының тұрғындарына теңіз жағалауынан алшақта болуды сұрады. Жер сілкінісінен соң теңіздің деңгейі жарты метрге дейін көтеріліп кеткен.