Шавкат Рахмонов UFC-дің «жыл жекпе-жегі» үшін рекордтық деңгейде гонорар алды

Qaz365.kz редакциясы

UFC комментаторлары трансляция кезінде бұл жекпе-жекті бірнеше рет «Жыл жекпе-жегі» деп атады

Ашық дереккөздерден

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңгені үшін рекордтық гонорар алды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Рахмоновтың бұл жекпе-жегінің жалпы ақысы 161 500 долларды құрады (30 000 - кепілдендірілген төлем, 6 000 – демеушілік бонус, 25 500 – Нилдің 30% ақысы, 100 000 – «кештің ең мықты жекпе-жегі» үшін екі есе бонус).

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді қылқындыру әдісімен жеңді және кәсіби мансабында он жетінші жеңіске жетті (UFC-де бесінші).

UFC комментаторлары трансляция кезінде бұл жекпе-жекті бірнеше рет «Жыл жекпе-жегі» деп атады.