Ұлыбритания Қазақстанға мұнай мен газ экспорттаудың баламалы жолдарын табуға көмектеседі

Qaz365.kz редакциясы

Британ үкіметі қазақстандық экономикалық базаны қорғауға және әртараптандыруға күш салмақ

zakon.kz

Ұлыбритания Қазақстанға мұнай мен газ экспорттаудың баламалы жолдарын табуға көмектеседі. 

Бұл туралы Астанада ресми сапармен жүрген Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі sputnik.kz.

Ол қазақстандық әріптестерімен қазақстандық мұнайды Еуропа нарығына жеткізудің баламалы бағыттарын іздестіру жайын талқылады.

Клеверли британ үкіметі қазақстандық экономикалық базаны қорғауға және әртараптандыруға күш салады деп сендірді.