Алматы облысында Беларуссиядан келген жүк пойызы рельстен шығып кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Пойыздың төрт вагоны рельстен шыққан

Youtube / LIB 1991 Railway Channel

Алматы облысындағы станциялардың бірінде Беларуссиядан келе жатқан жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Белоруссиядан Алтынкөл стансасына бара жатқан жүк пойызы Қопа станциясына жеткенде төрт  вагоны рельстен шығып кеткен.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға пойыз қозғалысына әсер еткен жоқ. ҚТЖ-да оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.