«Тәуелсіздігін» жариялаған Петропавлдағы сепаратистерге Ерлан Саиров жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Кеше Петропавлдың бір топ тұрғыны Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялаған болатын

ru.sputnik.kz

Кеше Петропавлдың бір топ тұрғыны Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялаған болатын. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Facebook желісінде тікелей эфирге шығып, жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Мен әлеуметтік желіде өз позициямды ашық білдіріп жүремін. Кеше Қазақстанның тәуелсіздігіне сызатын түсіретін өте бір ыңғайсыз жағдай болды.  Бір топ азаматтар елдің Конститутциясына қарсы келетін әрекетке барды. Сондықтан Қазақстан азаматтарына құқықтық тұрғыдан сауат ашу маңызды”, - дейді Ерлан Саиров. 

Осы ретте ол мұндай бастама Конститутцияға қайшы келетінін және соған қатысты баптарды мысалға келтірген.

Сонымен қатар депутат халықты бірлікке шақырып, Бауыржан Момышұлының “тәртіпке бағынған ел құл болмайды” деген сөзін мысалға келтірді.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде 19 адамнан тұратын Солтүстік Қазақстанда жиналыс өткізіп жатқан видеосы тарады. Жиналғандар өзін «Ұлы отан соғысында жеңіп шыққан батырлардың ұрпағымыз» деп атайды.