2026 жылдағы салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері

Qaz365.kz редакциясы

Уақтылы төлеу өсімпұл есептеудің және жауаптылық шараларын қолданудың алдын алуға мүмкіндік береді

Фото: Tengrinews.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәртіпті арттыру және салық төлеушілердің ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның ішінде ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарда ай сайын салық күнтізбесі жарияланып, алдағы төлем мерзімдері туралы еске салулар орналастырылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осыған байланысты Комитет Салық кодексінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеудің негізгі мерзімдерін еске салады.
Уақтылы төлеу өсімпұл есептеудің және жауаптылық шараларын қолданудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Ай сайынғы төлемдер

20-сы күнінен кешіктірмей:
* акциздер (400.00 нысаны);
* тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00

нысаны).

 25-сі күнінен кешіктірмей:
*  төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы (КТС) (101.03,

101.04 нысандары);

* КТС бойынша аванстық төлемдер (101.02 нысаны);
* жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық(200.00 нысаны);
* бейрезиденттердің кірісінен ЖТС (200.02 нысаны);
* арнаулы салық режимдері бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер

(910.00, 920.00 нысандары).

 Тоқсан сайынғы төлемдер

(25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей)

* қосылған құн салығы (ҚҚС) (300.00 нысаны);
* ойын бизнесіне салынатын салық (710.00 нысаны);
* мүлік салығы (ағымдағы төлемдер) (701.01 нысаны);
* жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (851.00 нысаны);
* су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (860.00 нысаны);
* қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (870.00 нысаны);
* цифрлық майнинг үшін төлемақы (880.00 нысаны);

* пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық және жер қойнауын

 пайдаланушылардың өзге де төлемдері (590.00 нысаны);

* міндетті аударымдар мен төлемдер (641.00 нысаны);
* жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша төлемдер

(500.00 нысаны);

* салық міндеттемелерін заттай нысанда орындау (531.00 нысаны).

Жылдық және өзге де мерзімдер

10-шы сәуірден кешіктірмей:
* КТС (100.00, 110.00, 150.00 нысандары);
* бейрезиденттердің төлем көзінен ұсталатын КТС (101.04 нысаны);
* кәсіпкерлік қызмет бойынша ЖТС (220.00 нысаны);
* көлік, жер және мүлік салығы (700.00 нысаны);
* жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық (600.00 нысаны);
* жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері және заттай

 міндеттемелер (531.00, 590.00 нысандары).

10-шы шілдеден кешіктірмей:
* бейрезидент жеке тұлғаның ЖТС (270.00 нысаны).

25-ші қыркүйектен кешіктірмей:
*  кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысаны).

1 қазаннан кешіктірмей:
* жеке тұлғалардың мүлік салығы.

Арнаулы салық режимдері

* Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (910.00 нысаны) 2026 жылғы 25 тамыздан және 2027 жылғы 25 ақпаннан кешіктірмей;

* Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі (920.00 нысаны) 2026 жылғы 10 қарашадан және 2027 жылғы 10 сәуірден кешіктірмей.

 Қол қою бонусы (510.00 нысаны)

 Төлем мына мерзімдерде жүргізіледі:
* конкурс жеңімпазы деп танылған немесе келіссөздер хаттамасына қол

 қойылған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде;
* лицензия берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде;
* жер қойнауын пайдалану келісімшартына өзгерістер енгізілген кезде 20 жұмыс күні ішінде;
* жерасты суларын өндіруге рұқсат алынған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындауды алдын ала жоспарлауды және төлемдерді уақтылы жүргізуді ұсынады.

Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары: