FlyArystan-ның көмегімен 175 000 көшет отырғызылатын болады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan экологиялық бастамаларын жалғастырып, 2026 жылдың көктемінде Қазақстанның орман қорын қалпына келтіруге бағытталған «Halyk Орманы» жобасына қатысты. Әуекомпания Абай облысында 50 гектар аумақта көктемгі орман отырғызу кезеңін қолдады. FlyArystan-ның көмегімен 175 000 көшет отырғызылатын болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Семей қаласында өткен ағаш отырғызу іс-шарасына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, FlyArystan қызметкерлері, «Halyk» қоры және өңір жұртшылығы қатысты.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап FlyArystan Абай облысында орманды қалпына келтіру жұмыстарын қолдап келеді. Бұған дейін әуекомпания шамамен 315 гектар аумаққа отырғызылатын 1,3 миллион көшетті өсіруге арналған шымтезек субстратын сатып алуға көмектескен. 2024 жыл бойы компания жобаның барлық негізгі кезеңдеріне – отырғызу өнімдерін дайындаудан бастап ағаш отырғызуға дейін белсенді қатысып, жойқын өрттен кейін өңір экожүйесін қалпына келтіруге өз үлесін қосты.