Жолаушы әуедегі ұшақтың жанып жатқан қозғалтқышын видеоға түсірді - видео

Qaz365.kz редакциясы

Федералды авиация басқармасы бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде, бірақ зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

стоп-кадр

Колумбустан Феникске қарай ұшып бара жатқан American Airlines авиакомпаниясының ұшағының қозғалтқышы жанып, әуе кемесі қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасай отырып.
Федералды авиация басқармасының мәліметі бойынша, өрттің шығуына қозғалтқышқа тиген құс себеп болған.

«Бірден Колумбтағы Джон Гленн халықаралық әуежайына апаттық қону туралы шешім қабылданды. Ол жерде өрт тездетіп сөндірілді, ал ұшақтың апаттық қонуы туралы видео Twitter-ге тарап кетті. Кадрларда ұшақтың қанатынан жан-жаққа шашырап жатқан от ұшқындарын көруге болады», - деп жазады дереккөз.

«Ұшақ өз күшімен аман-есен жерге қонды. Техникалық қызмет көрсету үшін Boeing 737 пайдаланудан шығарылды.
Қазіргі уақытта біздің команда жолаушыларды Феникске жеткізумен айналысып жатыр», - делінген American Airlines хабарламасында.

Федералды авиация басқармасы бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде, бірақ зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.