Қазақстандағы әуе билеттерінің бағасы Индустрия министрінің көңілінен шыға ма

Qaz365.kz редакциясы

Алайда министрдің жауабы анық шықпады

Ашық дереккөздерден

Бұл сұрақты бүгін журналистер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың өзіне қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Алайда министрдің жауабы анық шықпады. Ол баға неден қалыптасатынын айтып кетті.

«Билет бағасы бірнеше фактордан тұрады. Біріншіден, әлбетте, бәрі жанар-жағармай бағасына байланысты. Екіншіден, қызмет көрсету. Үшіншіден, қосалқы бөлшектер (бағасы). Бағаның 60 пайызы осы факторлардан құралады. Баға осыған негізделеді», - деген министр осыдан кейінгі сұраққа нақты жауап бермей, Үкімет кулуарынан шығып кетті.