Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған жүргізушінің кім екені белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады

Видеодан кадр

Жетісу облысының полицейлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған BMW жүргізушісін тапты, - деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзушы – 34 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны. Оның әрекетінде жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзу қарастырылған.

"Видеодағы BMW көлігінің иесі –  Кербұлақ ауданының 34 жастағы тұрғыны. Жүргізушінің іс-әрекетінде ӘҚБтК-нің 386-бабында көзделген "жасыл желектерді ұстау және қорғау қағидаларын бұзу" бұзушылық көрінеді.

Белгілі болғандай, ер адам қазір іссапарда. Елге оралған соң, ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Іс ерекше бақылауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.