Алматының бірнеше шағын ауданы суық судан ажыратылады

Qaz365.kz редакциясы

Сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты 

ашық дереккөзден

Алматының бірнеше шағынаудандары бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматының бірқатар шағынаудандарында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, суық су жергілікті түрде ажыратылатын болады.

30 мамырда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін:

  • "Орбита-1, 2, 3, 4",
  • "Таугүл - 1, 2",
  • "Мамыр-1, 4, 5, 6, 7",
  • "Алмас",
  • "Атамекен",
  • "Қуаныш",
  • "Достық" шағынаудандары,
  • М. Кәрім,
  • Цветочная,
  • Ықылас,
  • Тойбастар,
  • Тайбұрыл,
  • Пролетарская көшелеріндегі тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі.

“Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66”, – делінген хабарламада.