40 млн теңгені иеленген генерал-майор Биляловқа қатысты тергеу аяқталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді

Ішкі істер министрлігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады. Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызсетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.