Этножурналистика саласындағы "Шаңырақ" республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Байқау дарынды журналистерді анықтап, қазақстандық этножурналистика саласын дамыту мақсатында өткізілген

Gov.kz

Астанада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және “Қоғамдық келісім” РММ ұйымдастыруымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру мақсатында өткізілді.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Абдрахманов, Ғ. Шойкин, журналистер, республикалық және облыстық БАҚ тілшілері қатысты.

Байқауға республикалық, облыстық және этникалық БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада “Шаңырақ – 2022” шығармашылық байқауының жеңімпаздары естелік статуэткалар, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.