Ереуілге шыққан жаңаөзендік мұнайшылар басқа компанияға жұмысқа тұруға келісті

Qaz365.kz редакциясы

«БерАлидің» жұмысшыларының бұрынғы еңбек жағдайлары толықтай сақталады

Vlast / Бейімбет Молдағали

Еңбек дауы бойынша қарсылыққа шыққан «БерАли» компаниясының бұрынғы жұмысшыларының мәселесі оң шешімін тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «БерАли Маңғыстау компаниясы» ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерімен келісімге қол жеткізілді. Олар «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-ға жұмысқа орналасу туралы осыған дейінгі ұсынысты қабылдады. Аталған компанияға жұмысқа ауысқаннан кейін «БерАлидің» жұмысшыларының бұрынғы еңбек жағдайлары толықтай сақталады. Компанияның бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру шаралары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қағидаларына сай жүргізіледі», - делінген ресми хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, аталған жұмыс қолданыстағы заңнамалар аясында іске асырылады.