Алматыдағы АИТВ дауы: Досаев отставкаға кете ме

Qaz365.kz редакциясы

Осыған дейін ол мәселенің мән-жайын анықтау керектігін айтқан

ehonews.kz

Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталуы жайлы мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Сіздің басшылығыңыз кезінде екінші рет науқастардан АИТВ анықталып отыр.Өткен жолы Шымкентте болған болатын. Сіз осы жағдайлар үшін өз жауапкершілігіңізді сезінесіз бе?” – деп сұрады журналист.

Досаев соңғы жылдары бақылау айтарлықтай күшейгенін айтты.

“17 жыл болды, маған жауапкершілігіме қатысты сұрақтар қойылады. Мен 2006 жылы сала көшбасшысы ретінде жауапкершілікті қабылдадым, өзімді жауапкершілігі мол адам ретінде көрсеттім деп ойлаймын.

Жұмыс жалғасуда, соңғы жылдары бақылау айтарлықтай күшейтілді. 2 жағдай анықталды, қалалық ЖИТС орталығымен қажетті жұмыстар жүргізілген соң, тағы бір жағдай анықталды. Барлық материалдар Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. Жұмыстың қорытындысы бойынша нәтижелер жарияланады”, – деп жауап берді мегаполис басшысы.

Сондай-ақ Досаев ақпаратты толықтырып, жұмыстан босату туралы сұраққа жауап берді.

“Қалада АИТВ індетін жұқтырғандар саны өсті, олардың 82 пайызы жыныстық жолмен, қалғаны есірткі қолдану арқылы жұқтырған.

Сондықтан мәселе жұмыстан шығаруда емес, жұмыс орнында жауапкершілікке тартылу керек деп есептеймін. Комиссия жұмыс қорытындысы бойынша жауап береді”, – деп толықтырды әкім.

Еске сала кетейік, 14 маусымда Алматы ауруханасында үш науқастан АИТВ инфекциясы анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханада эпидемиологиялық тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Кейінірек министрлік АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 500-ге жуық адамнан сынама алынғанын хабарлады. Ал 21 маусымда Ерболат Досаев алғаш рет жағдайға қатысты пікір білдіріп, мәселенің мән-жайын анықтау керектігін айтты.