×

Досаев алғаш рет АИТВ жұқтырған науқастарға қатысты пікір білдірді

Әкім бұл факт бойынша тексеру жалғасып жатқанын айтты

Досаев алғаш рет АИТВ жұқтырған науқастарға қатысты пікір білдірді
gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың Орталық қалалық клиникалық ауруханасында науқастардан АИТВ анықталуы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Медеу ауданының тұрғыны әкімнен АИТВ індетін жұқтырғандар анықталған аурухана басшылығы неліктен жұмыстан шығарылмағанын сұрады. Ерболат Досаев бұл факт бойынша тексеру жалғасып жатқанын айтты.

"Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығы аясында реанимациядан соң 30 күннен кейін пациенттер тестілерді қайта тапсыруға міндетті. 2 жағдай анықталды ( кейін тағы 1 жағдай анықталды, жалпы саны - 3). Бекітілген регламентке сәйкес қалалық ЖИТС орталығымен бірлесіп жұмыс жүргізілді: барлық реципиенттер, медициналық персонал, реанимацияда болған басқа да пациенттер толық тексерілді”, – деді мегаполис басшысы.

Оның айтуынша, 14 маусымда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кезектен тыс тексерулер тағайындады, қазір сол бойынша жұмыстар жүггізіліп жатыр.

"Біреуді қызметінен алу үшін, алдымен мұның бәрі қайдан шыққанын анықтау керек. Комиссия жұмысын аяқтаған соң Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. Біз бәрін бақылауда ұстаймыз", – деп жауап берді Досаев.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтырған үш адам анықталғаны белгілі болды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізуді бастағанын хабарлады. АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 500-ге жуық адамнан сынама алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →