×

СҚО әкімі туысқандары оның арқасында ауыл шаруашылығында табысқа кенелді дегендерге жауап берді

Әкімнің айтуынша, ағасы субсидины заң аясында алып отыр

СҚО әкімі туысқандары оның арқасында ауыл шаруашылығында табысқа кенелді дегендерге жауап берді
gov.kz

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров туысқандары оның арқасында ауыл шаруашылығында табысқа кенелді дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Әкімнің айтуынша, қызметке келгеніне 1 жыл толмаған. Ауыл шаруашылығы саласында 1995 жылдан бері табысты еңбек етіп жатқан ағасы өзі агроном, өзі ғалым, өзі кәсіпкер. Субсидияны заң аясында алып отыр. Бас прокуратура да тексергенін айтады.

«Менің ағам 1995 жылдан бері ауыл шаруашлығында жұмыс істейді. Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген, агроном-ғалым. Ауыл шаруашылығын жақсы біледі. Ешқандай кикілжің жоқ. Бәрі заң аясында. Менің арқамда субсидия алған жоқ. Бас прокуратураға дейін тексерді. Бәрі заңды. Мен әкім болғалы оның жұмысы қиындады деп айтуға болады. Әлеуметтік саланы көтеріп жатырмыз. Сондықтан қаншама үй, медициналық бөлімше, демалыс орталығын салу жүктелді. Ол осы бағытта қанша жұмыс атқарғанын барып көру керек. Ол өзгелерге үлгі болуы тиіс», – деді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →