"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Үздік волонтердің 15 номинация бойынша жеңімпаздары анықталды

newtimes.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Халықаралық волонтерлер күніне орай Астана қаласында 2022 жылғы 5 желтоқсанда өтеді.

“1. “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығына ізденушілердің
өтінімдерін бағалау қорытындылары туралы ақпарат назарға алынсын.
2. Онлайн дауыс беру балдарының үлкен айырмашылығына
байланысты жалпы орташа балдан жоғары жинаған үміткерлердің әрбір
номинациясы бойынша (онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша)
конкурстық комиссияның қарауына жіберілсін.
3. Осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес келесі үміткерлерге сыйлықақы
берілсін.
4. Азаматтық қоғам істері комитеті Конкурстық комиссия мүшелерінің
ұсыныстарын ескере отырып, “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығын
беру қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізсін.
5. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Азаматтық қоғам істері
комитетіне жүктелсін”,
– делінген “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығын беру туралы бұйрығында.

Үздік волонтердің 15 номинация бойынша жеңімпаздарын осы тізімнен көре аласыз. Ал Түркістан облысы, Шардара қаласының волонтері Рысбала Мейрамханқызы Икрамбай “Белсенді волонтерлік қызметі үшін” марапатымен марапатталады.