Марокко Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Qaz365.kz редакциясы

Марокко мен Португалия арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан тағы бір құрама анықталды. Ол - Марокко құрамасы, деп хабарлайды qaz365.kz

Ширек финалда Марокко мен Португалия құрамалары кездесті. "Аль-Тумама" стадионында өткен матчта 1:0 есебімен африкалық команда жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Несири соқты. Осылайша, Марокко Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып отыр. Енді африкалық ұжым финалға берілетін жолдама үшін Франция-Англия жеңімпазымен кездеспек. Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.