Ресей бидайы Орталық Азия елдеріне қазақстандық өнім ретінде 1 миллиард теңгеге сатылған

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді

turkystan.kz

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті ресейлік бидайды қазақстандық өнім ретінде экспорттау үшін жалған келісім-шарттар бойынша заңсыз әкелу схемасын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Анықталған азамат 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 миллиард теңгеден астам сомаға экспорттаған. Осылайша, жалпы сомасы 460 миллион теңге болатын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған", – делінген хабарламада.

Соталды тергеу аяқталды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", – делінген хабарлмада.