"Яндекс.Такси" бағаларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

"Жаңбырда, қарда немесе мереке күндері сұраныстың артқанын ескере отырып, қызмет құнын арттырады"

Қазақстанда "Яндекс.Такси" агрегаторының тарифтерін белгілеу бойынша тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ахметовтың айтуынша, қызмет 17-20 пайыз көлемінде комиссия алады және динамикалық баға белгілейді - жаңбырда, қарда немесе мереке күндері сұраныстың артқанын ескере отырып, қызмет құнын арттырады. Тұтынушылар үшін бұл әлдеқайда қымбатқа түседі.

Сонымен қатар, Ахметов қазақстандық такси нарығында бәсекелестік бар екенін атап өтті. Басқа агрегаторлар мен такси компаниялары ұсынылған, ал қызмет түрін түпкілікті таңдау клиентте қалады.

"Жалпы, такси нарығын цифрландыру кез келген жағдайда нарықтың монополиялануына әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде маржиналдық төмен. Агрегаторлар қызмет көлемінің ұлғаюымен табыс табады. Екінші жағынан, сұраныс неғұрлым жоғары болса, ұсыныс соғұрлым жоғары болады. Сонымен бірге бұл нарықта бәсекелестік бар. Яндекс таксиден басқа InDriver сияқты такси компаниялары да бар. Бұл жерде клиент өзі шешеді", - деп түсіндірді AZRK басшысының орынбасары.