ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы көлік кептелісіне пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр

видеодан кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ҰҚК мәліметінше, қазір шекара қызметі шекара аймағында, сонымен қатар шекаралық өткізу пунктілерінде заңсыз іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.

«Сонымен бірге, қандай да бір шектеулер енгізілмеді. Өткізу пунктері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тексеру уақытының регламент нормативтері қатаң сақталуда және автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында», – деп мәлім етті ведомстводан.

Бұдан бұрын Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінің алдында жүк көліктері кептеліп тұрғаны хабарланған еді.