Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, - деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі "Төле би кесенесі" сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.