Алматыда жаңажылдық шыршаға қанша қаржы бөлінді

Qaz365.kz редакциясы

Қаланың бас шыршасы «Абай» алаңында орнатылады

Коллаж: qaz365.kz

Алматы қалалық әкімідіктің мәліметінше, биыл мегаполистегі жаңажылдық безендіруге бюджеттен 360 млн тенге бөлінді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қаланың бас шыршасы «Абай» алаңында орнатылады. Сонымен қатар, инсталляциялар қаланың 8 ауданында – орталық көшелерде, аудан әкімдіктерінің маңында, жаяу жүргіншілер аймақтарында орнатылды.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 22 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен және жаңажылдық 350 ойыншықпен безендірілген.

Қаланың 8 ауданында шырша мен фотоаймақтар орнатылды. Сондай-ақ, шағын сәулет нысандары бар.