Астананың қақ ортасында медициналық қалдықтардың қоқысы табылды

Qaz365.kz редакциясы

Тексеру барысында полигон шамамен көлемі 50 м3 құрайтындығы анықталды

фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы МЕТРО гипермаркетінің жанындағы "Нұрлы жол" вокзалының ауданында медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы табылды, деп хабарлайды qaz365.kz

Астана қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу және өлшеу жүргізу үшін сол жерге барды.Тексеру барысында полигон шамамен көлемі 50 м3 құрайтындығы анықталды. Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы ЕҚДБ-да материал тіркеді.