Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Антикор хабарлады

Фото ашық дереккөзден

Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың шағымдарына жедел ден қою нәтижелерімен жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауда Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті кінәні толығымен мойындады”, – дейді Антикор хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.