Азат Перушаев: Сіз бізді тыңдағыңыз келмесе, біз сізді тыңдатамыз

Qaz365.kz редакциясы

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжіліс депутатына жұмыс атқарылмай жатыр деген пікірімен келіспейтінін және депутаттық трибунада ондай сөз айтуға болмайтынын айтты

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжіліс депутатына жұмыс атқарылмай жатыр деген пікірімен келіспейтінін және депутаттық трибунада ондай сөз айтуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды qaz365.kz

Депутат Перушаев министрдің  бұл сөзін сынға алды.

Депутатқа үйстіп айтуға болмайды деп айттыңыз. Депутаттарға не айтуға болады, біз өзіміз білеміз. Сіз ол жағынан кішкене мәдениетті болыңыз. «Бұндай сынды тыңдағым келмейді» дедіңіз. Тыңдағыңыз келе ме, келмей ме, біз сізді тыңдатамыз. Бұл - біздің міндетіміз.