Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжат қашан қабылданады

Qaz365.kz редакциясы

Е. Қошанов аталған заңның күшін жою мәселесі Парламентте 2023 жылдың басында қаралатынын айтты

фото: ашық дереккөзден

Келер жылдың басында өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжат қаралады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Е. Қошанов аталған заңның күшін жою мәселесі Парламентте 2023 жылдың басында қаралатынын айтты.

«Бұл Конституциялық заң болғандықтан, бұл құжат Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Сондықтан қаңтар айында бірлескен отырысы өтіп, бұл мәселе қаралады. Аталған заң толық күшін жояды», - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл құжат бойынша шешім қабылданса, заңдағы нормалардың барлығынының күші жойылады.

«Сол заңда көрсетілген артықшылықтардың барлығы күшін жояды. Бірінші президентке де, болашақ президенттерге де экс-президентке қатысты нормалар бірдей қолданылады. Егер заң күшін жоса, онда қарастырылған иммунитеттің заңды күші болмайды», - деді Мәжіліс төрағасы.