Қанат Мусин Әділет министрі қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Тиісті жарлыққа Президент қол қойды

фото: ашық дереккөзден

30 желтоқсанда Қанат Мусин Әділет министрі қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды qaz365.kz

Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Сергеевич Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметінен босатылды", –  делінген хабарламада.

Ол Конституциялық сотының судьясы болып тағайындалды.