Қар мен боран: синоптиктер мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

Qaz365.kz редакциясы

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның ауа райын атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды

Фото: Postimees.ee

Синоптиктер еліміз бойынша 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл күндері елде қар жауып, бұрқасын болады деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның ауа райын атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ болжанды.

1 қаңтарда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ауа температурасы түнде батыста -1...-6°С аяздан  -3...+2°С-қа дейін көтеріледі, ҚР солтүстігінде, орталығында, шығысында  -5...-20°С аяздан -10...-25° аязға дейін аздап төмендейді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста  0...-10°С аяздан  -3...-15°С аязға дейін біртіндеп төмендейді.