Астанада ұсталған Путиннің қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері Ресейге депортацияланды

Qaz365.kz редакциясы

Ол мобилизация басталған соң Қазақстанға кетіп қалған

Михаил Жилин жұбайымен

36 жастағы Михаил Жилин Новосибирскте Федералді күзет қызметі Ақпарат пен арнайы байланыс орталығында 18 жыл жұмыс істеген. Бірақ мобилизация басталған соң Қазақстанға кетіп қалған. Астанада ұсталған Жилин кейін Ресейге депортацияланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жилиннің жұбайы мен балары шекарадан бекет арқылы өткен. Ал өзі орман арқылы шекараны кесіп өтпек болғанда полицияның қолына түскен. Басылым мәліметінше Михаил Жилин мемлекеттік құпияны білгендіктен Ресейден кетуге тыйым салынған. 

12 желтоқсанда Астана қаласының ауданаралық тергеу соты Жилинді 40 тәулікке қамаған. Ал Ресейдің Ішкі істер министрлігінің сайтында Михаил Жилинге қылмыстық бап бойынша іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Оның жұбайы Қазақстандағы адам құқығы бойынша халықаралық бюро арқылы күйеуін Ресейге қайтарғанын білген. 

"Адвокаттар және құқық қорғаушылар арқылы іздеуге тырысып жатырмын. Олар әзірге іздеу жүріп жатқанын айтты", – дейді әйел.

Айта кетейік, бұған дейін әскери уақытта қашып кетті деп айыпталған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) бұрынғы қызметкері