ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Үкімет аппараты болып қайта құрылды

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды

“ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі” мемлекеттік мекемесі “ҚР Үкіметінің Аппараты” мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды, деп жазады qaz365.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды.

“Үкімет Аппараты:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін”, - деп жазылған құжатта.